Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Тойота 55» маркалы көлік алып беремін деп тұрғынның ақшасын алдап алған әйел анықталды

«Тойота 55» маркалы көлік алып беремін деп тұрғынның ақшасын алдап алған әйел анықталды

Сарыағаш полициясына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша өзінің танысы жеңілдетілген несиемен «Тойота 55» маркалы автокөлік алып беретінін айтып, 2 500 000 теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында, күдікті деп танылған жұмыссыз әйелді анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болумен, жақын таныс емес азаматтарға сенбеу қажеттігін еске салады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*