Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Мал ұрлығына қатысы бар екі ер адам қамауға алынды

Мал ұрлығына қатысы бар екі ер адам қамауға алынды

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға оның жайылымда қараусыз жүрген құны 300 000 теңге болатын 1бас сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.
Ұрыны ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті.
Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікке ілінген 2 ер адам ұсталды. Олар жұмыссыз Сайрам ауданының тұрғындары.
Белгілі болғандай күдіктілер ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне сиырды тиеп, әлдебіреуге сатып жіберген. Сонымен қатар күдіктілердің бұдан басқа тағы бір жайт мал ұрлықтарына қатысы бары расталды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған азаматтар қамауда. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*