Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген. Осы өтініш бойынша көші-қон тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеді.
Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүре берген. Жаңа құжатын алуына көмектескен полицейге тұрғын өз алғысын білдірді
«Осы уақытқа дейін ескі құжатпен жүрген едім. Ал полиция майоры тез арада қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті.