Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жетісай полицейлері 17 көлікті айыптұраққа қойды

Жетісай полицейлері 17 көлікті айыптұраққа қойды

Түркiстан облысында 10-19 қазан күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Осы мақсатта Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлері тексеру жұмыстарын атқаруда. Полицейлер мен сот орындаушылары бірлесіп, жол-көлiк окиғаларының алдын-алу мен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтардың айыппұлдарын өндiру бойынша қарқынды рейд жүргізуде.
Соның нәтижесінде айыптұраққа айыппұлын төлемей жүрген 17 көлiк қойылды. Сондай-ақ iс-шаралар жоспарына сәйкес тиiстi профилактикалық жұмыстар атқарылды. Жетісай ауданының полицейлері ескертеді: жыл басынан бері салынған айыппұлдарыңызды уакытында төлемеген жағдайда, автокөлiктерiңiзге немесе жеке банктік кәртішкелеріңізге шектеу қойылады. Одан бөлек нотариустар аркылы шектеу жасалып, аттарыңыздағы мүліктеріңізге сот орындаушылармен бұғат койылады. Сондықтан жол ережесін сақтаңыз! Айыппұл арқалаған болсаңыз, дер кезінде төлеңіз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*