Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында кездесу өткізілді

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында кездесу өткізілді

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кең көлемде жиын өтті. Кездесуге аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрдаулет Әжібеков, ақсақалдар кеңесі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, құзырлы органдар білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу, жолын кесу мәселелері талқыланды. Осы жөнінде полиция басшысы Н.Әжібеков баяндама жасады. «Ағымдағы жылдың 9 ай көлемінде мүдделі органдармен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алуға бағытталған «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім-заң-қауіпсіздік» іс-шарасы өткізілді. Білім беру ұйымдарында ата-аналармен және оқушылармен кездесулер өткізіліп құқықтық тақырыптарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді»-деп атап өтті ауданның бас полицейі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура, білім бөлімі және басқа да жергілікті құрылым қызметкерлерімен бірлесе білім беру орындарында, оқушылар арасында құқықтық тақырыптарда кездесулер өткізіліп, Қазақстан Республикасының Заң актілерінен түсіндірмелер берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*