Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістандық тәртіп сақшылары марапатталды 

Түркістандық тәртіп сақшылары марапатталды 

“Республика күні” мерекесіне орай Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің 20-ға жуық қызметкері марапатталды, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
2022 жылдың 25 қазанында Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында бәйдібектік полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Республика” күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара болып өтті. Мәжіліс зал төрінде шырқалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні мерекенің еліміз үшін қаншалықты мән-маңыздылығын сездіргендей болды.
Бұл іс-шараны Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрдәулет Әжібеков ашып, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар полиция бастығы салтанатты түрде қызметінде абыройлы және кәсіби біліктілігімен танылған 20-ға жуық қызметкерді марапаттады.
Яғни полиция бастығы елімізді қорғауда аянбай тер төгіп жүрген полицейлерге алғыс айтты.
Осы күні, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы Есімжан Надиров мәжіліс залында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімін өткізді. Жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған 10 полицейді “Алғыс хатпен” марапаттады.
Яғни полиция бастығы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстары үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*