Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, сейфтен ақша ұрлаған жас жігіт анықталды

Бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, сейфтен ақша ұрлаған жас жігіт анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне бетон өнімдерін шығаратын цех, яғни ЖШС-дан қатынас хат келіп түсті. Онда белгісіз біреу цех аумағында орналасқан қызметтік бөлменің ішінде тұрған сейфтен 1 миллион теңгеге жуық ақша жымқырып кеткенін жеткізген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Полицейлер ұрлық орын алған цехты, оған жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Бейнебақылау камераларын тыңғылықты тексерді. Мекеме қызметкерлерінен, куәлардан жауап алды. Нәтижесінде күдікті сол мекемеде жұмыс істеп кеткен жас жігіт болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында жан-жақты жұмыс жасап, оны Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінен ұстап, полицияға жеткізді.
Белгілі болғандай, күдікті цех аумағына жасырын кіріп, сейфтің есігін бұзу арқылы ішіндегі қаражатты жымқырған. Содан оңай жолмен келген ақшаға «iPhone» маркалы бағалы ұялы телефон мен өзіне киім-кешек сатып алған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңізге тиесілі сауда орындарын, басқа да ойын-сауық мекемелеріне арнайы дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*