Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Құжатсыз, таңбасыз мал тасымалдаған 600-ден астам азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Құжатсыз, таңбасыз мал тасымалдаған 600-ден астам азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел-қызметтік жұмысындағы басым бағыттарының бірі бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бұл бағыттағы негізгі іс-шаралар 2021-2023 жылдарға арналған «Мүлікті қорғау жөніндегі» ведомстволық бағдарламасы жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылуда.
Аталмыш мал ұрлығының алдын алу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы поилция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен үшжақты келісімшарт түзу бойынша жұмыстар іске асырылуда. Сонымен қатар мал базарларда ветеренария қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар атқарылуда.
Рейд кезінде полицейлер облыс төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап, құжаттарын тексеруде. Ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді бақылауда. Мәселен осындай атқарылған жұмыс нәтижесінде базарларға құжатсыз, сырғасыз малдарды әкелген азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 637 хаттама толтырылған.Сондай-ақ мал ұстаушы облыс тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін малдарын қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды, түгел таңбалап-сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*