Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Есірткі еккен әйел бас бостандығынан шектеу жазасын алды

Есірткі еккен әйел бас бостандығынан шектеу жазасын алды

Түркістан облысында өз ауласында заңсыз есірткі еккен Сарыағаш ауданының 57 жастағы тұрғынына үкім шықты. Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш АПБ полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстады. Ал әйел оны өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізді.
Аталмыш күдіктіден полицейлер заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар 5 түп өсімдікті тәркілеп, сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның 3-еуі сора, ал 2-еуі көкнар есірткісі болып шықты.
Бұл жайт ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды жаман әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Есіңізде болсын, есірткіні заңсыз егу және сақтау қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*