Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

Түркістан облысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

28.10.2022 жылы Түлкібас АПБ кезекші бөліміне «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 651 шақырымында жол апаты орын алғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға орын алған жерге Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері шұғыл жетті.
Анықталғандай, Шымкент қаласының тұрғыны өзінің басқаруындағы «Renault» маркалы жүк көлігімен Алматы қаласы бағытынан Шымкент қаласына келе жатып, өзімен бір бағытта жүріп келе жатқан «Mazda 626» маркалы көлігінің артқы бөлігінен соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Салдарынан «Mazda 626» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Бұл жайт Түлкібас АПБ-не бірден тіркелді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*