Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Дронның көмегімен 1 тәулікте жол ережесін бұзған 12 жүргізуші анықталды

Дронның көмегімен 1 тәулікте жол ережесін бұзған 12 жүргізуші анықталды

Түркістан облысы ПД ЖПҚБ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуда үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқаруда. Мәселен күні кеше Сарыағаш ауданына қарасты республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жібек жолы» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесін пайдалана отырып, жұмыстар жасады.
Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысы жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтады. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде 12 жүргізуші анықталып, шара көрілді. Яғни жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу» бойынша 12 хаттама толтырылып, 500 000 теңгеден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ шара аясында көлік жүргізушілеріне қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігі ескертілді. Алдағы уақытта да бұл тексеріс авариялық-қауіпті учаскелерінде жалғасын таба бермек. Аталмыш шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң септігін тигізеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*