Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді

Полицейлер «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Түркістан жоғары медициналық колледжінде» жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.
Акцияға 150-ден аса оқушы мен студент қатысты.
Тәртіп сақшылары кездесу барысында есірткі заттарының адам өмірін қалай құртатынын, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатынын түсіндірді. Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап берді.
Студенттер аталған іс-шарада ой пікірлерін жеткізіп, белсенділік танытты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*