Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 160 000 теңге алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде күдіктіні анықтап, басқармаға жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*