Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан екеу қамауға алынды

Жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан екеу қамауға алынды

Төлеби ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жайылымда жүрген 1 бас биесі мен құлынын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алысымен мал ұрыларын ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәлардан жауап алып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осындай жедел әрекеттің нәтижесінде, полицейлер күдіктінің ізіне түсіп ұстады. Полиция бөліміне жеткізілген екеу, Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты.
Анықталғандай, күдіктілер түнгі уақытта жайылымда қараусыз жүрген бие мен құлынды айдап әкеткен. Содан оңай жолмен келген олжаларын арзан бағада сатып жіберген.
Тергеу кезінде күдіктілердің бұдан бөлек 3 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Онда мал ұрылары үш сиыр мен 1 бас жылқыны жымқырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Ұрланған малдарды сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*