Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ескертеді: мал асыраушы тұрғындар қора-жайларыңызды мықты етіп бекітіп, төрт-түліктеріңізді жайылымдарға бақташысыз жібермеңіздер. Мал ұрлығы өршіп тұрғандықтан, оның шешімін табуда тек полиция ғана емес, жұртшылықтың да күш-жігері ауадай қажет екендігін ұмытпаңыздар. Сонымен қатар облысымызда жергілікті әкімдік, шаруа қожалығының басшысы және бақташы арасында үшжақты келісім-шарт жасау қолға алынған. Мұндағы негізгі мақсат – ауылдық жерлердегі мал ұрлықтарының алдын алу.