Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2022 жылғы 7 қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сəйкес Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында құқық қорғау жəне жергілікті атқарушы органдарының бірлескен «Заң керуені» акциясы өтті.
Шараға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы, Түркістан облысы полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Сейдыханұлы, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Қадырқұлов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жомарт Үсенұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Досан Сазанұлы, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Өтепбергенұлы, қала, кент, барлық ауылдық округ әкімдері мен салалық уәкілетті орган басшылары қатысты.
Жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында өткізілген жиында тұрғындар тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтарға тиісті сала мамандары тарапынан тұшымды жауаптар берілді.
Ауыл шаруашылығы, жер даулары, сот актілерінің заңдылығы, қоғамдық тәртіп, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларға қатысты айтылған мәселелер назарға алынды.
Алдағы уақытта акция нәтижесі бойынша айтылған әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, талдау жұмыстары жүргізіліп іс-шаралардың нақты жоспарлары әзірленіп, көтерілген негізгі проблемалық мәселелерді шешу үшін жауаптылар бекітілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*