Бүгін Созақ ауданы ауданы әкімі аппараты заң бөлімі мен Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен «Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен жиын өтті. Жиынның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиын барысында аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы Исаева Акнур Жандарбекқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілгенін және тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.
Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдамада зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.
Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшесі, Қоғамдық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Айдархан Нысанбаев, мемлекттік мекеменің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге және адал жолмен қызмет атқаруға шақырды.