Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Созақта жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті

Созақта жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті

Бүгін Созақ ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің ұйымдастырумен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен жиын өтті. Жиынның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру.
Жиын барысында аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Тілеубай Жұмабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-20226 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілгенін және тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдамада зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнеролик көрсетілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*