Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында аудан прокуратурасының үйлестіруімен «Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Осы іс-шаралар жоспар аясында аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлерімен, сондай-ақ мектеп педагогтары және ата-аналарымен бірлесе оқушылармен кездесу, олардың тарапынан қойылатын әрбір сұрақтарына жауап беру, прокурорлық лекциялар оқу қарастырылған.
Бүгін М.Әуезов, Абай, С.Ысқақов, М.Х.Дулати, «Теспе», «Бірлік», Қ.Мүсірепов атындағы мектептердің (180) жуық оқушыларымен кездесу өткізілді.
Әдеттегідей кездесу барысында оқушылар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтар қойылып, өз кезегінде мамандардан құқықтық тәрбиелік маңызы бар жауаптар берілді.