Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Абдукаримов Мақсат Базарханұлы аудан көлемінде қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде мал ұрлығы мен алаяқтық құқық бұзушылықтар профилактикасының алдын алу бойынша Талапты және Темір ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу жиынға ауыл тұрғындары, учаскелік полиция қызметкерлері, ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде мәселе бойынша алғаш болып, прокурор М. Абдукаримов қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, мал ұрлығы қылмысың өскендігі, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың тарапынан алаяқтық қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар өз дәрежесінде болмай отырғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, қазіргі кезде қайтарымсыз несие, жәрдемақыларды оңай жолмен алып беру жолдары арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдерді көптеп кездесіп жатқандығын мәлімдеді.
Қос ауылда өткен жиынның соңында прокурор М.Абдукаримов тұрғындардың әрбіріне қатысты, маңызды мәселелер талқыланғанын айтып, қылмысты болдырмау бір құқық қорғау органдары ғана емес барлығымыз қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін жеткізді.
Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы алдын алу жұмыстарын жандандыруды жүктеді.
Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*