Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТЕДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТЕДІ

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың 4 қарашасы сағат 10-00 ден бастап, аудан орталығында орналасқан Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінде өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» атты акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты — жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Акция барысында құрылған мобильді топтар жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсетеді. Көшпелі топтардың құрамына прокуратураның, құқық қорғау органдарының, әкімдіктердің, аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.
Айта кетейік, тұрғындар құзырлы орган өкілдерімен белгілі себептермен кездесе алмаған жағдайда, арыз шағымдарын аудан прокуратурасының +7 (725 32)3-15-14 сенім телефонына хабарласып, жеткізуіне болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*