Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АПТАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АПТАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті апталық жиын өтті. Аппараттық жиынға қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім, мекеме басшылары және ауыл әкімдері қатысты. Жиын барысында қаладағы өрт қауіпсіздігі, газбен уланудың алдын алу шаралары, қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштері жайында, күзгі ағаш отырғызу науқанына дайындық барысы және 109 байланыс орталығына келіп түскен шағымдармен облыс/қала әкімдерінің хаттамаларының орындалу барысы бойынша мәселелер қозғалды.
Қаладағы өрт қауіпсіздігі, газбен уланудың алдын алу шаралары мақсатында үгіт насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жайында Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов баяндама жасады. Алдағы жылу маусымында қауіптің алдын алу бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт гидранттарының жағдайын бақылауға алуды тапсырды қала басшысы.
Сонымен қатар, жиынның келесі мәселесінде қаладағы тарихи және мәдени ескерткіштерінің жағдайы мен қала аумағында күзгі ағаштарды отырғызу науқанына дайындық барыстары жайында Махсут Гайруллаев баяндады. Бұл тұрғыда қала әкімі жауапты мекемеге тарихи және мәдени ескерткіштердің құжаттарын заңдастыруды тапсырып, ал күзгі ағаштарды отырғызу барысы бойынша қала климатына бейімделген талдарды егу керектігін жеткізді.
Апталық аппаратта қозғалатын мәселелердің біріне айналған 109 байланыс орталығына келіп түскен шағымдар және облыс/қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмалары. Баяндама барысында жасалған әрбір кемшіліктер жауапты маманның жұмыстарын айқындайды.
Қала әкімі келіп түскен шағымдармен жұмыс жасауды және жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*