Кентау қаласында ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сай, облыс прокурорының орынбасары Әблезов Қуаныш Ержанұлы және Түркістан облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Төреханов Асылхан Сейдіханұлының қатысуымен «Заң керуені» акциясы өтті.
Жиында алғы сөзді алған облыс прокурорының орынбасары Әблезов Қуаныш Ержанұлы ашып, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы акцияның маңыздылығына тоқталып өтті.
Акцияға қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылар қатысты.
Акцияның мақсаты: жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.