Бүгін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің талаптарын түсіндіру және сақталуы бойынша семинар өтті.
Семинарға Шардара ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және жауапты мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Жиын барысында күн тәртібіндегі Мемлекеттік қызмет саласы бойынша аудан әкімі аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Қ.Кошимова, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу барысы туралы аудан әкімі аппараты әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы М.Қарымсақов және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары туралы аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы Б.Тұртаев баяндама жасап, функцияналды жұмыс сапаларына тоқталып өтті.
Семинарға төрағалық етуші, аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Бердешов мемлекеттік қызметшілердің негізгі тәртібі мен міндеттерін айшықтап, заңнамалық нормалар мер жұмыс ережелерін бұзған әрбір қызметші тиісті тәртіптік шара алатындығын жеткізді. Сондай-ақ, тәжірибе мен біліктілікті арттыру, жұмысқа ұқыптылықпен қарауды және орындалуға тиіс жұмыстардың уақытылы атқарылуын атап көрсетті.
Аппарат басшысы мемлекет қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттері мен жұмысына немқұрайлы қарайтын болса заңды түрде тиісті шара көрілетіндігін ескертті.