Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШАРДАРА: Құқықтық іс-шара жүргізілді

ШАРДАРА: Құқықтық іс-шара жүргізілді

Шардара ауданының прокуратурасымен ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Шардара аудандық пробация қызметі бөлімінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне және полиция бөлімінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып есепте тұрған сотталғандардың жазаны өтеу барысында заңдылықтың сақталуына талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заң бұзушылықтар және қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алуына байланысты 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі таңда 82 адам есепте тұр. Оның ішінде: Инвальид – 3 адам, Жұмыссыздар –7 адам, Тұрақты жұмыс істейтіндер – 9 адам, Өзін өзі жұмыспен қамтығандар –60 адам​ Ақылы қоғамдық жұмысқа тұрғызылғандар –2 адам, Іздеуде – 1 адам.
Шардара аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандарға Шардара ауданы әкімінің 07.02.2022ж. №54 қаулысымен 1 пайыздық мөлшерде жұмыс орны белгіленген.
2022ж. өткен мерзімінде аудандық пробация қызметі есебіндегі тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріндегі 82 сотталушы тұлғалармен қайта қылмыс жасаудің екі дерегі орын алған.
Дегенмен, орын алған қайта қылмыс бойынша есепте тұрған 2 адамға қатысты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде қанағантандырылған.
Аудан прокуратурасының бастамасымен полиция және пробация бөлмімен қайта қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында заң талаптарына сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*