Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – тұрғындармен кездесіп заңдарды кеңінен түсіндіру, кері байланыс орната отырып олардың көкейінде жүрген сұрақтары мен өтініштеріне жауап беріп, құқықтық көмек көрсету, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
Осы орайда облыс прокурорының орынбасары Саян Келдібеков бастаған арнайы топ ауданға іс-сапармен келіп, тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Ендібаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында азаматтар тарапынан айтылған мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар алдағы атқарар жұмыстар нақтыланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*