Бүгін Түркістан облыстық прокуратурасының бастамасымен Сарыағаш аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Заң керуені» акциясы өтті. Жиынға облыс прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, аудан әкімі Мұхит Отаршиев, аудан прокуроры Нұрлан Алдабергенов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Аман Бурханов, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудан тұрғындары қатысты.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты — жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.
«Заң керуені» акциясы барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар кеңінен талқыланып, заң аясында түсіндірмелер берілді.