Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » САРЫАҒАШТА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

САРЫАҒАШТА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекенінің мәдениет үйінде Сарыағаш аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен, аудан прокуроры Н.Алдабергенов және аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовтың, аудандық уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен Көктерек кенті және Құркелес, Тегісшіл, Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарына жедел құқықтық көмек көрсету «Заң керуені» акциясы өтті.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты — жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.
«Заң керуені» акциясы барысында тұрғындар тұрғын үйлерді заңдастыру, жер, инфрақұрылым (жол, электр энергиясы т.б.), қашыртқыларды тазалау секілді сұрақтарға заң аясында түсіндірмелер берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*