Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ескере отырып, Сайрам ауданының прокуратурасымен құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақсукент ауылының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Заң керуені» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты — жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.
Аталған акцияға Түркістан облысы прокуратурасының өкілі Н.Қосбаев, облыстық полиция департаментінің өкілі А.Төреханов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері, аудандық мемлекеттік кірістер, санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармалары, мемлекеттік сот орындаушы, құқық қорғау органдарынан аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, төтенше жағдайлар басқармаларының бірінші басшылары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры қатысты.
Аталған шара барысында аудан тұрғындары тарапынан коммуналдық қызметтермен қамту,
жерді заңдастыру, әлеуметтік көмек көрсету және өзге де салаларға қатысты көтерілген мәселелерге заң аясында құқықтық түсіндірмелер берілді.
Акция нәтижесімен жергілікті тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауаптарын алып, мемлекеттік органдарға ризашылықтарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*