Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жемқорлыққа қарсымыз!

Жемқорлыққа қарсымыз!

Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына, адамгершіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетті ел құруымыз керек.

Бүгін Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты бірқатар кітапханаларда жемқорлыққа қарсы ісшаралар болып өтті. Атап айтқанда, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарабау ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін жеткізу, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылық деңгейі мен сапасын арттыру, маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Жемқорлыққа қарсымыз» атты инфо-сағаты болып өтті. .Іс-шараға А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы Р.Пернебекова қатысты.

Осындай тақырыпты көтерген «Жемқорлыққа қарсымыз!» атауымен ток-шоу Көкібел ауылдық кітапханасында болып өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*