Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ПРОБАЦИЯ – ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

ПРОБАЦИЯ – ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде шартты түрде сотталған адамдардың мiнез-құлқын бақылауды, олардың тұрғылықты жері, жұмыс және оқу орны бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.
Пробация қызметi пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:
– денсаулық жағдайын, бiлiм деңгейiн және жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді. Сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды;
– әлеуметтiк-құқықтық көмекті ұсыну және оны алудан бас тарту, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ, тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;
– сот жүктеген мiндеттердi орындау тәртiбiн, оларды орындамағаны, сондай-ақ, пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбiн түсiндiредi,
– пробация қызметінің қызметкері әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуден басқа, сот жүктеген міндеттерді шартты түрде сотталған адамның қалай орындайтынын бақылайды,
– шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметі оның орналасқан жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргiзедi,
– шартты түрде сотталған адамға қосымша жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тарту және белгiлi бір лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған кезде пробация қызметі осы жаза түрінің талаптарына сәйкес, iс-шараларды толық көлемде жүзеге асырады,
– сотталғандар тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық және қайта қылмыс жасауына жол бермеуге шаралар қабылдайды;
– егер, шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң мiнез-құлқымен түзелгенiн дәлелдесе, онда белгiленген мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткен кезде мерзімінен бұрын босатуға сотқа ұсыным енгізеді.

Е.ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
Қазығұрт аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторы, әділет аға лейтенанты.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*