Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жемқорлықпен күреске тұтас қоғамды жұмылдыру қажет

Жемқорлықпен күреске тұтас қоғамды жұмылдыру қажет

Қазіргі таңда бүкіл әлем сыбайлас жемқорлықпен тоқтаусыз күресіп жатыр. Тиісінше, бұл проблемаға қарсы жұмыстардың жетілдіріліп жатқаны байқалады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесіне келгенде әлем мемлекеттерінің барлығы бірдей қолданатын механизм жоқ. Ол сол елдің саяси және экономикалық жүйесіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшеліктері мен құқықтық мәдениет деңгейіне және халқының саны мен орналасу жағдайына байланысты екендігі белгілі. Ал, біздің елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатпен тығыз байланыстырыла отырып, жоспарлы түрде әзірленген. Осы мақсатта 2015 жылы арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданып, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия бекітілген. Бұл стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Заңбұзушылыққа қарсы «нөльдік» төзімділік таныту арқылы қоғамда насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу негізінде жемқорлықтың деңгейін төмендету.
Аталған стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың негізгі бағыттары белгіленген. Дәлірек айтсақ: мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану; қоғамдық бақылау институттарын енгізу; мемлекеттік және жекеменшік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасау; құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Осы бағыттар бойынша «сыбайластық» ұғымын қайта қарастыруға және құқықбұзушылықтарды болдырмауға, мемлекет тіршілігіне азаматтық бақылау жүйесін құру және енгізуге мүмкіндік беретін, азаматтардың ақпаратты еркін алуына жағдайлар жасалатыны айтылған.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң  талаптарына сәйкес, еліміздегі сыбайлас жемқорлық бойынша Ұлттық баяндама дайындалып, Мемлекет басшысына ұсынылды. Тиісінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екендігін атап өтті. Сонымен бірге, Президент құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін, бірақ, мәселені терең зерттемей, пара алушыларды қылмыс үстінде ұстау бағытында ғана қызмет атқарылғанын айтты. Одан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың белең алуына қатысты себептер мен жағдайларға көңіл бөлінбегені аталды. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық бағытын түбегейлі қайта қарауды ұсынып, уәкілетті органдардың алдына жаңа міндеттер қойды.
Сондай-ақ, Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақырып, жемқорлықпен күресуге тұтас қоғамды жұмылдыру қажет болатынын айтты. Сол себепті, «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын тұрғындардың санасына сіңіру барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс.
Сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматы орын алып отырған жағдайларға мән беріп, қандай да бір заңбұзушылықтарға жіті көңіл бөліп, ел ахуалына жанашырлықпен қарауы тиіс. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне «нөльдік» төзімділік танытқанымыз абзал. Өйткені, бұл індетті тұтас қоғамның күшімен ғана жеңуге болады.
 
Әділ ЫСҚАҚ,
Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*