Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Күрес әділетті жүргенде ғана нәтижелі болады

Күрес әділетті жүргенде ғана нәтижелі болады

Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары қоғамның бақытты болашағын тежейді. Елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа парақорлық, непотизм (жеке байланыстар немесе «өз адамдары» негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаржысын иемдену кіреді. Сыбайлас жемқорлық әрекеті салдарынан жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесіне елеулі нұқсан келеді.
Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресуге әрбір азамат атсалысып, өзіндік үлестерін қосулары керек. Яғни азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын өзгертпейінше, оң нәтижеге жету мүмкін емес. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілгенде ғана біз алға қойған  мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Ұлы Абай атамыз: «Ұрпағыңызға асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деуі бекер емес.
Ендеше, бәріміз бірлесіп, сыбайластық іс-әрекеттердің жолын кесейік.
Д.МАХАТОВ,
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкілі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*