Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Арыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Арыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Арыс ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шараға аудан бойынша Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлер қатысты. Бұл шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесі жан-жақты қаралды.
Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы ретте бұл кездесуде отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның алдын алу, тосқауыл қою мәселелері талқыланды.
Жалпы 2022 жылдың 10 айында Арыс аудандық полиция бөлімінің жеке қабылдауға 10 әйел келген. Олардың барлығына полицейлер тарапынан қажетті құқықтық көмек беріліп, заң асында жұмыстар арқарылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*