Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Үй құстарын ұрлаған кентаулық анықталды

Үй құстарын ұрлаған кентаулық анықталды

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, үйінің алдына жайылымға жіберген 6 бас қаз, яғни үй құстарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, шұғыл іздестіру шаралары атқарылды. Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған аймақты аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап, мұқият тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы үй құстарын артып әкеткен көлік анықталып, оның жүргізушісі күдікке ілінді. Содан күмәнді жүргізушінің жеке басы анықталды. Жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.
Анықталғандай, күдікті жол бойында қараусыз жүрген құстарды үйіне жасырған. Ол құстарды сатып, оңай жолмен олжалы болғысы келген. Алайда ойы іске аспай, тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында үй құстары тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде қаздардың иесі, жергілікті тұрғын шынайы ризашылығын білдіріп, полицейлерге алғысын жаудырды. Жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*