Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Cаясат » ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

Естеріңізде болса, ҚР Президент сайлауы қарсаңында елімізде «Baqyla» қоғамдық ұйымы құрылып, саяси процесстің әділ өтуіне атсалысқан болатын. Тиісінше, маңызы зор саяси додалардың барысын қадағалауды мақсат еткен ұйым еріктілері 19 наурыздағы ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын дұрыс өткізуге де үлес қоспақ.

Нақтырақ айтсақ, ұйым еріктілері сайлау күні Түркістан қаласы мен Кентау қаласы аумағындағы 96 сайлау учаскесінде болып, әрбір дауыстың бұрмаланып кетпеуін, ұрланбауын, қоқыс жәшігінде жатпауын және бюллетеньдерді ысырап етпеуді қадағалайды. Сонымен қатар, сайлау учаскелеріне қанша азамат келгенін, заң бұзушылық болу не болмауын, бақылаушыларға жасалатын қысымның бар не жоқтығын бақылайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*