Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Министр жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады

Министр жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады

ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді.
Соңғы 5 жылда Біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды — 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін), — деп хабарлады Болат Ақшолақов.
Энергетика министрі атап өткендей, өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш – 5,2 млн. тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті (қысқы ДТ қоспағанда) қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық.
Осы орайда, экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқ.
Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт.
Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна («IHS Markit» есебі бойынша).
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мысал үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат — литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық — 101 пайыз.
Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50 %-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары.
Болат Ақшолақов атап өткендей,
Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын.
Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды.
ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.
Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз.
Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.
Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше).
Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, — деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті:

– жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тиым салынды;
– ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;
– мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.
Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық, — деп атап өтті.
Энергетика министрлігінің басшысы Б. Ақшолақов мыналарды қысқаша қорытындылады:
Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, бұл бір.
Екінші – бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық.
Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға/мүддеге кері әсерін тигізеді.
Төртінші, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.
Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде:
– АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;
– дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.
Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, — деп хабарлады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
«Бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылықтың куәгері боламыз. Бұдан басқа, экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айрылып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді», — деп қорытындылады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*