Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ…

ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ…

Сыбайлас жемқорлық — мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерде тамырын тереңге жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қоғам дерті. Бұл кесел өзге дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор залалын тигізіп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Десек те, халық сыбайлас жемқорлықпен жиі бетпе-бет келіп отыр. Ал, бұл мәселені түбегейлі шешу үшін кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесіп, қоғам болып белсенді күресуіміз қажет.
Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың негізгі тетігі — халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қарсы ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние– байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса» деген халық даналығы сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Н.ЕШЕНҚҰЛОВ,
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының
№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*