Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік — экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Еліміздің заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен Кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.
Осы ретте, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласы бойынша әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.
Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті сенім телефоны: Call-center 8 (7252)55-81-29, 54-95-88
Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік желі бойынша (ddoshimkent) Инстаграмм аккаунты ашылған, ҚР Қарулы Күштері серверінде ( ddoshimkent@mod.gov.kz) электронды жәшігіне қандай да бір қызмет көрсету бойынша сұрақтар болса жолдауға болады.
Бұл ашық формат, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, БАҚ өкілдері, тұрғындар кез келген ақпарат алу үшін жүгіне алады және жауап ала алады.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды хабарландыру үдерісін мобильдеу және автоматтандыру мақсатында, сынама жобасының шеңберінде ақысыз негізінде ҚР ҚМ ЖР АЖ интеграциялық шлюзі арқылы 1414 қызметі SMS-хабарландыру бойынша тиісті әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды:
— әскери қызметке немесе жиындарға шақыруға;
— медициналық куәландыруға;
— әскерге шақырушыларды зерделеу үшін жергілікті әскери басқару органдарына шақыру жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлескен алдын алу жұмыстары белгіленген және ағартушылық штабымен байланыс орнатылған.
Департамент және басқармаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және азаматтардың сенімін арттыру үшін «Қарулы Күштер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын жалғастыруда.
Жобалау кеңсесіне азаматтар өтініш жасайтын мәселелерді қарау кезінде жобалау тобы келуші азаматтардың сұрақтарына тез-жылдам шешімін табу, басқа да органдар мен мекемелермен хат алмасу қажеттілігін болдырмау, оларды тікелей шешу жөнінде толық шаралар қабылдайды. Бұл жобаның негізгі мақсаты проблемалық мәселелер бойынша өтініш білдіргендерді қабылдау кезінде ақпарат алудың ашықтығы, жеделдігін айқындайды. «Қарулы Күштері-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі жұмыстың тиімділігін көрсетіп, азаматтардың сенімін арттыруда. Шымкент қаласы әкімдігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен өзара тәжірибе алмасуда тұрақты байланыс бар, жұмыс жалғастырылуда.
Сонымен қатар, жалпы қызмет барысында «Жемқорлық-індет, күресу міндет», Абай атамыздың «Пайда ойлама ар ойла», Бауыржан атамыздың «Намысты нанға сатпа» нақыл сөздері жеке құрамның ар-ұяты санасына ұялату негізгі күш-жігеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін көтеруге айқындық, әділдік, парасаттылықты ұстануға бағытталған.
Ә.Шегебаев,
Шымкент қаласы қорғаныс істері
жөніндегі департаменті басшысы, полковник