Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰСАУЫҢДЫ КЕСЕЙІН, КҮРМЕУІҢДІ ШЕШЕЙІН!

ТҰСАУЫҢДЫ КЕСЕЙІН, КҮРМЕУІҢДІ ШЕШЕЙІН!

Қазақ халқының қадым замандардан бергі қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі жастарға ұлықтау мақсатында және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірге алғаш қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырымы.
Бүгінгі рәсім Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Онда шымкенттік 1-3 жас аралығындағы ұл балалардың тұсауы кесіліп, салт-дәстүрге сай, жөн-жоралғы жасалды. Шараны белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов жүргізді.
Тұсаукесер рәсімде елімізге танымал зиялы қауым өкілдері Нұрбол Сүлейменов, Сәбит Әбдірайымов, Мұхан Байбосын, Мырзабай Омар және Бекайдар имам, Қаратау ауданының бас имамы, «Жігіттер» квартетінің әншілері тұсауды кесіп, ақ батасын берді.
Баланың қаз-қаз басқан қадамына шашу шашылып, дастарханға бауырсақ, тандыр нан, сары май, қымыз, қымыран, құрт, қызыл ірімшік, қаттама, жент (талқан), сөк (тары) секілді ұлттық тағамдар қойылды.
Айта кетейік, тұсаукесер рәсімі қайырымдылық бағытта өтті. Кеш соңында «Көркем әжелер» ансамблі ән шашуын арнап, ақ бата тілектермен аяқталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*