Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамитындығын атап өтті.

Осы орайда, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков гемодиализ қабылдайтын науқастармен кездесті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Жиында қаланың бас дәрігері бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұратын науқастардың мәселелерін тыңдап, пікір алмасты.

— Шымкент қаласында 500-ге жуық адам бүйректің терминальді жеткіліксіздігімен гемодиализ қабылдауда. Қаламыздағы диализ орталықтарының саны 6-ау. Ал бүйрек жеткіліксіздігімен қала бойынша 250-науқас есепте тұрады. Амбулаторлық-консультативті кеңесті қала бойынша 5 мекеме жүргізеді. Атап айтқанда, Шымкент қалалық №2 ауруханасының емханасы, қалалық №12 емхана, қалалық №2 емхана, N13 емхана және Диагностикалық орталық. Мұндай науқастар үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Пациенттердің мәселесі кезек күттірмейді, — деген басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбеков жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында науқастар тарапынан айтылған мәселелер бойынша гемодиализдік орталықтардағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек бойынша мониторинг жүргізу бойынша ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ басқарма басшысы амбулаториялық бағдарламалық гемодиализге алынған науқастардың көрсетілімдері бойынша бас штаттан тыс гемодиализ бойынша маманмен бірге бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жалпы дәрігерлердің айтуынша, СБА ауруына жүрдім-бардым қа­рауға болмайды, егер пациент дәрілерді уақтылы қа­был­дап, денсаулығына қатысты ай­­тыл­ған кеңестерді орындап, са­лам­атты өмір сүруге ұмтылса ас­қы­нулардың алдын алуға бола­ды, ал, керісінше тиісті мән бе­ріл­месе, асқынудың соңы ди­а­лиз­дік терапиясыз немесе бүй­рек­ті транс­плантациялаусыз өмір сүруі мүм­кін емес бүйрек ауруы­ның терминалдық сатысына дейін өршиді. Терминалдық саты деге­німіз – қарапайым тілмен айт­қанда, бүйректің ісініп, өз қыз­ме­тін мүлде атқара алмай қалуы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*