Шымкент қаласында психолог, СӨС мамандардың қатысуымен жастар мен жасөспірімдер арасында көптеп кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай кездесулердің бірі — «Отбасы — ұлт тірегі» тақырыбында «Samgau» жалпы білім беретін мектебінде өтті. Аталған кездесудің мақсаты — жастарды отбасылық өмірге дайындау және дұрыс бағыт-бағдар беру, жастар арасында жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, қазіргі кезде кеңінен белең алған интернет алаяқтығынан сақтандыру, темекі шегу, алкоголдік ішімдіктің адам ағзасына зияндығын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Психологиялық жиында жастарға ең алдымен тақырып аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық кеңестер айтылды. Сондай-ақ, түрлі терапиялық ойындар ойнатылып, сергіту сәті де ұйымдастырылды.
Соынмен бірге, Шымкент қаласында «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламалар жөнінде ақпараттармен таныстыру. Кездесу барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту, 2,5 %-бен берілетін 5 млн-дық несие жөнінде ақпараттар айтылды. Сонымен қоса, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Ал, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Әл-Фараби» академиялық мектебінің оқушылары арасында семинар-тренинг өткізілді. Аталған жобаның мақсаты — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Іс-шара барысында қатысушы қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, түрлі әдістемелік ойындар ойнатылды.
Қазіргі кезде қала жастарының түрлі спорт алаңында әркім өзінің таңдаған спорттық түрлерімен шұғылданатыны байқалады. Ендеше оларға ешқандай зиянды есірткінің қаупі жоқ. Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.