Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды

Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Өткен жылы бесінші ауданның құрылуына байланысты Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды. Мәселен, Еңбекшіге Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы қосылды. Өткен жылы атқарылған негізгі жұмыстар және алдағы жоспарымен аудан әкімі Досбол ЕСІЛБЕК бөлісті.

Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарға жетіп, халық саны 228 830-ды құрады. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2023-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілген. Аудан аумағындағы 29 елді мекеннің халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ, ауыз су – 94,5 пайыз, электр жарығы – 98,3 пайыз, табиғи газ – 90,7 пайыз, кәріз жүйесімен қамту жағдайы 41 пайызға жеткен.

2023 жылы аудан аумағындағы 6 елді мекенің жаңақұрылыстарын және Қаратау ауданынан қосылған Исфиджап тұрғын алабын ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде. Ал Исфиджаб тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып жатыр. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар тіршілік нәрімен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтары 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз суға қол жеткізеді.
–Аудандағы шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші 98,3 пайызды құрап отыр. Соңғы деректермен айтсам, елді мекендердің жекеменшік жүйемен қамтылғаны 1,2 пайыз, ал, қамтылмағаны 0,5 пайызды (жаңақұрылыс аумақтары) құрады. Өткен жылы 9 елді мекенде жалпы 2013 абонентке сапалы электр желісі тартылды. Олар – Абдулабад (484 абонент), Тұрдыабад (411 абонент), Бадам-1 (153 абонент), Қаратөбе (124 абонент), Тоғыс (11 абонент), Маятас (93 абонент), Айнатас (17 абонент) және Бадам (340 абонент) елді мекендері. 2023 жылы Исфиджабты (1356 абонент) қамту үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі анықталды, – деп атап өтті аудан әкімі Д.Есілбек.
Жаңа шекараға сәйкес, табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 87,2 % пайыз, оның ішінде, сапалы жүйеде 78,3 пайыз (36560 абонент) қамтылған, ал жекеменшіктен 8,9 пайызы (4135 абонент) алады. Қалған аумақтарды (5992 абонент) сапалы табиғи газбен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*