Шымкент қаласы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаз аналар комитетінің өкілі Шарифа Муминова әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында барды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Сапар барысында ол бригада мен батальон басшылығымен танысып, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен әңгімелесті. Сондай-ақ, олардың тұрмысымен танысып, комитет жұмысымен таныстырды. Сапар барысында қоғамдық ұйым өкілі сарбаздардың тамақтануы мен тұратын үй-жайына ерекше назар аударды. Шарифа Ахмеджановна үй-жайларда тұру жағдайларымен, жабдықтану түрлері мен нормаларымен жеке танысты, сондай-ақ теориялық және практикалық сабақтар өтетін сыныптарды аралап, асхананы көріп шықты.
— Біздің комитет әр сарбаз үшін өз баласындай алаңдайды. Біз бәріміз анамыз және балаларымыздың әскери борышын қалай және қандай жағдайда орындайтынына қатты мән береміз. Біз әскери бөлімдермен мүмкіндігінше тығыз жұмыс істеуге тырысамыз, сондықтан сарбаздардың ата–аналары ұлдары үшін уайымдамаса болады, — деді Шымкент қаласы бойынша «Аналардың жүрегі» сарбаз аналар комитетінің өкілі Шарифа Муминова.
Сонымен қатар, Шарифа Ахмеджановна азық-түлікті сақтау тәртібін және олардың жарамды мерзімін қарап, медициналық пункттерде болды. Онда медициналық персоналдың жұмысымен танысып, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің медициналық көмекке жүгіну журналындағы жазбалармен танысты. Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жұмыс аясында сарбаздардың аналары комитеті мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен ата-аналар арасында байланыс орнатып, әскери ортадағы туындаған мәселелерді уақтылы шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Еске сала кетейік, Шымкентте еліміздің барлық аймақтарымен қатарлас көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Үшінші мегаполистің бірінші тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанды. Мерзімді қызмет орындарына медициналық комиссиядан, жеке сұхбаттасудан және психологиялық тұрақтылығын анықтайтын сынақтарынан сәтті өткен 15 адам кетті.