Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды.
Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгінде 15 мыңнан астам халық тұратын елдімекенде 24 шақырымдық газ жүйелері жүргізілген. Шағынауданды табиғи газбен толық қамту сәуір айының соңына дейін аяқталады. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес елдімекен алдағы жылы сапалы электр қуатымен, кәріз жүйесімен толық қамтылады.
Құрылыс жұмыстарын қадағалаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізуде тиісті талаптардың қатаң сақталуын бақылады тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.
Сондай-ақ, Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде, Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда. Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек. Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*