Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ШЫМКЕНТ-ЦИРК» АҢДАРСЫЗ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫНА ШАҚЫРАДЫ

«ШЫМКЕНТ-ЦИРК» АҢДАРСЫЗ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫНА ШАҚЫРАДЫ

«Шымкент  -Циркі» — Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әлемдік бренд «Cirque du Soleil» циркінің бағытында аңдарсыз жаңа қойылымын көрермендер назарына ұсынады.
Бағдарламада әртістердің әуеде ұшуы, батылдық шеңберінде сақтандырусыз өнер көрсететін акробаттар, жас әртістердің дебюттік нөмірлері, клоундардың күлкіге толы жаңа репризалар секілді жаңа нөмірлері бар. Сондай-ақ, Джаз оркестрі танымал композицияларды, шетелдің классикалық музыкаларын жанды дауыста сүйемелдейді.
Айта кетейік, «Шымкент — циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Мекеме биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өнер ұжымы 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастады. Ендігі кезекте, клоун және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытуды көздеп отыр.
Қойылымдар 19,20,21 және 27,28 наурыз күндері, сағат 14:00 және 20:00-де басталады.
Бағдарламаның ұзақтығы 80 минут, 5 жастан жоғары балалар мен ересектерге арналған. Билет бағасы 2000 теңгеден жоғары. Ұжымдық жеңілдіктер де қарастырылған. Билеттер онлайн кассаларда сатылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*