Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Осы орайда, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Солтүстік саяжай шағын ауданын табиғи газбен қамту барысын тексерді. Қазір сығымдау жұмыстары жүргізілуде.
Жуырда белгіленген орындарға абоненттік газ реттегіш шкаф пункттері орнатылады. Құрылыс толық аяқталғанда 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады.
Сондай-ақ, 2023 жылы Шымкент қаласындағы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады. Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады. Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жеткізіледі. Сонымен қатар, табиғи газбен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі. Ал, Айкөл елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында 2024 жылы жобалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Одан бөлек, биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең, Бозарық 74 га, Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады. Қазір халық саны 11 мыңнан астам Асар-2 шағынауданын газдандыру жұмыстары 70% аяқталды. Ұзындығы 24,1 шақырым газ құбырының құрылысы толық аяқталғанда мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылады.
Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзекті мәселелерді зерделей отырып, газдандыру жұмыстарын өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, Шымкент Сити шағын ауданы мен Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын Өтегенов көшесінің 1-кезеңінде аяқталуға жақын құрылыс жұмыстарын қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыс барысын қадағалады.
Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер жүргізу, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.
«Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын тездетіңіздер. Құрылысты сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізіп, нысанды желтоқсанда тапсырыңыздар» — деді қала әкімі.
Екінші кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр, Төлеметов көшелерін қамтиды. Қазір жол негізі салынып, асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ бригадалар жүргіншілер жолы мен суағарларды орнатуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*