Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Шымкент Сити шағын ауданы мен Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын Өтегенов көшесінің 1-кезеңінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыс барысын қадағалады.
Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер жүргізу, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.
«Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын тездетіңіздер. Құрылысты сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізіп, нысанды желтоқсанда тапсырыңыздар» — деді қала әкімі.
Екінші кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр, Төлеметов көшелерін қамтиды. Қазір жол негізі салынып, асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ бригадалар жүргіншілер жолы мен суағарларды орнатуда.
Сонымен қатар, биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды. Бүгінде жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді. Айта кетейік, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ал, 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 74 көшені асфальттау жоспарлануда. Қазіргі таңда 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*