Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: 2024 жылы Абай ауданы 100% табиғи газбен қамтылады

ШЫМКЕНТ: 2024 жылы Абай ауданы 100% табиғи газбен қамтылады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

2024 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында мәлімдеді. Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ, Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі.

Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елдімекеннің 25-і мемлекеттік электр жарығымен қамтылған. Яғни Абай ауданының 92,7 пайызы мемлекеттік электр жарығына қосылған. Ал, Асар-2 шағын ауданының 70 пайызы, Қайнарбұлақ тұрғын алабының 24%-ы электр жарығымен қамтылған.

Одан бөлек, өткен жылы Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жетті. Биылғы жылы осы көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарланып отыр. Нәтижесінде аталған көрсеткіш 13,6 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 410-ға жетеді.

Айта кетейік, Абай ауданы аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 61 орын анықталған. Аталған су басу орындарын 2023 жылға дейін шешу жолы қарастырылуда. Оның ішінде 2022 жылы 7 мекенжайға ирригациялық жүйелер салынды. 2023 жылы 5 көшеге 68,4 миллион теңге қаралып, конкурс өткізілуде. 2023 жылға қосымша 9 көшеге 3,7 шақырымға 116,4 миллион теңге бюджеттік өтінім берілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы қосымша 18 көшеге ирригациялық жүйе орнату жоспарлануда.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*