Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы өкілдігінің басшысы Н.Мейірбеков «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен инновациялық-технологиялық колледжі студенттермен кездесу өткізді.

Жастарға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қаралып, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселелері жөнінде түсініктер берілді.

Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша өзара пікірлер алмасты.

«Ассамблея жастарымен, жастар ұйымдарының және бірлестіктерінің өкілдерімен олардың жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қазіргі таң­да жастар ұйымы қабылдаған шаралардың тиімділігі мен нәтижелі болуы жастар бастамасын дамытудың өлшеміне айналып отыр», деді жаңадан сайланған төраға.

«Ассамблея жастары» ұйымының басты бағыты жөнінде айтып берді. «Ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топ­тастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Бүгінде біз ал­дымызға жастарға нақты көмек беру жөнінде мақсат қойып отырмыз. Бүгінде еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қалада өкілдігіміз бар», деді ол.

Сонымен қатар түрлі этнос жастарын біріктіре отырып белсенді орта құру, жастарды белсенділікке шақыру. Рухани жаңғыру, жастардың санасындағы керітартушылық стереотипті жою. Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылатын қоғамдық-мәдени және қайырымдылық шараларына белсене қатысу.

Сондай-ақ, жиында «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөнінде кеңінен талқыланды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*